ТЕҢІЗ-ИНЖЕНЕРЛІК ЗЕРТТЕУ

ТЕҢІЗ-ИНЖЕНЕРЛІК ЗЕРТТЕУ

Компания Каспий айдынында мұнай-газ ресурстарын зерттеу және игеру бойынша жобалары аясында инженерлік-геологиялық ізденістері мен зерттеулерін орындайды. Алынатын материалдар ұңғымаларды бұрғылау кезеңінде қалқымалы бұрғылау қондырғыларын қауіпсіз жеткізуді; мұнайгазкәсіпшілік гидротехникалық құрылыстарын жобалау, салу және теңіз мұнайкәсіпшілікті бұдан әрі мониторингтеуді қамтамасыз етеді. Жұмыстар ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттарға, құрылыс нормалары мен ережелеріне, ұжымдық стандарттар мен Тапсырыс берушілердің талаптарына сәйкес орындалады.

Бастапқы кезеңде, геологиялық барлау жұмыстары кезінде, олар іздестіру-барлау ұңғымаларын бұрғылау кезінде пайдаланылатын қалқымалы бұрғылау қондырғыларын (ҚБҚ) қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажетті. Анықталған кен орындарын абаттандыру кезеңінде, пайдаланушылық құрылыстар мен суасты құбыр желілерін жобалау және салу, кәсіпшілік ішіндегі және өндірілген өнімдерді жағалық қабылдау пункттері мен теңіздік жүк арту терминалдарына тасымалдау үшін орындалады. Пайдалану кезеңінде гидротехникалық құрылыстар мен құбыр желілерінің ахуалына мониторингтеуі іске асырылады. Әртүрлі елдердің және мұнай-газ компаниялардың нормативтік-техникалық құжаттарымен анықталатын міндеттер, әдістер мен оларды шешу бірізділігі іздестірудің әртүрлі кезеңдері үшін ұқсас болып табылады. Іздестіру аумақтары мен жұмыстар көлемдерінің қатынастары өзгертіледі.

Кәсіпорындар жоспарланған іздестіру-барлау бұрғылау учаскелеріндегі инженерлік-геологиялық талаптарының нақты және объективтік сипаттамасын алуға, гидротехникалық құрылыстарды құбыр желілерінің трассалары бойынша орналастыруға, сонымен қатар судағы бөгеттер арқылы газ құбырларының өту күйін бағалау және мониторингтеуді іске асыруға мүмкіндік беретін әлемдік деңгейдегі заманауи аппараттық-бағдарламалық кешендер мен жабдықтармен қамтылған.






Инженерлік-гидрографиялық және инженерлік-геофизикалық зерттеулер

(негізгі жабдық)











Топырақ зерттеулеріне арналған мамандандырылған зертхана



Зертханаларда жүргізілетін талдаулардың түріҚолданылмалы стандарттар
Шаң тәрізді және балшықты бөлшектердің құрамдылығы (ареометрлік әдіс)МЕМСТ 12536-79
Топырақ ылғалдылығы (тұрақты массаға дейін құрғату әдісі)МЕМСТ 5180-84
Аққыштық шекарасы мен жаймалап жазу шекарасыМЕМСТ 5180-84
Топырақ тығыздығы (кесуші сақина әдісі)МЕМСТ 5180-84
Топырақ тығыздығы (судағы өлшеу әдісі)МЕМСТ 5180-84
Топырақ бөлшектерінің тығыздығы (пикнометрлік әдіс)МЕМСТ 5180-84
Оңтайлы ылғалдылық кезіндегі максималдық тығыздық (стандартты нығыздау әдісі)МЕМСТ 22733-2002
Органикалық қоспалардың құрамдылығы (құрғақ өртеу әдісі)МЕМСТ 23740-79
Отырғыштық сипаттамаларыМЕМСТ 23161-78
Топырақтың кесуге қарсылығы, ішкі үйкеліс бұрышы, салыстырмалы тіркесу (бір жазықты кесу әдісі)МЕМСТ 12248-96
Дренаждалмайтын жылжуға қарсылығы (бір өсті қысылу әдісі)МЕМСТ 12248-96
Деформациялау модулі (компрессиялық қысу әдісі)МЕМСТ 12248-96
Үш өсті қысуМЕМСТ 12248-96
Суффозиялық қысылуМЕМСТ 12248-96
Ісінуі мен отыруыМЕМСТ 24143-80
Сүзгілеу коэффицентіМЕМСТ 25584-90
Ісінгіштік дәрежесіМЕМСТ 28622-90
Топырақ тығыздығы (кесуші сақина әдісі)МЕМСТ 5180-84
Топырақтығыздығы (суда өлшеу әдісі)МЕМСТ 5180-84
Топырақ бөлшектерінің тығыздығы (пикнометрлік әдіс)МЕМСТ 5180-84
Оңтайлы ылғалдылық кезіндегі максималдық тығыздық (стандартты нығыздау әдісі)МЕМСТ 22733-2002
Органикалық қоспалардың құрамдылығы (құрғақ өртеу әдісі)МЕМСТ 23740-79
Отырғыштық сипаттамаларыМЕМСТ 23161-78
Топырақтың кесуге қарсылығы, бұрышыМЕМСТ 12248-96
Дренаждалмайтын жылжуға қарсылығы МЕМСТ 12248-96
Деформациялау модулі (компрессиялық қысу әдісі)МЕМСТ 12248-96
Үш өсті қысуМЕМСТ 12248-96
Суффозиялық қысылуМЕМСТ 12248-96
Ісінуі мен отыруыМЕМСТ 24143-80
Сүзгілеу коэффицентіМЕМСТ 25584-90
Ісінгіштік дәрежесіМЕМСТ 28622-90
Максималды молекулалық ылғалдылық сыйымдылығыРСН 51-84
ЖібігіштікРСН 51-84