2D ЖӘНЕ 3D ТЕҢІЗ ЖӘНЕ ЖЕРДЕГІ СЕЙСМИКАЛЫҚ БАРЛАУ

2D ЖӘНЕ 3D ТЕҢІЗ ЖӘНЕ ЖЕРДЕГІ СЕЙСМИКАЛЫҚ БАРЛАУ

Біздің сейсмикалық партияларымыз Францияда өндірілген Sercel-408UL, 428 UL сейсмостанциялармен жабдықталған. Сейсмостанцияға еден үстілі жабдық және оператордың компьютерлендірілген орны кіреді. Оператор өзінің жұмыс орнына аспаптардың көп шақырымдық орналастырылуын бақылай алады, GPS көмегімен профильдегі дірілдеу тобының қалпын қадағалай алады, далалық партияның автокөлігімен және басқа да бөлімшелерімен радиобайланысына, сонымен қатар жобадағы тапсырыс берушінің өкілімен тікелей байланысына ие. Еден үстілік жабдық өзіне телеметрлік модульдерді, кәбілдерді және сейсмикалық қабылдағыштар топтарын қамтиды.

Қазіргі уақытта біздің компаниямызда геофондардың 10000 астам топтары пайдаланылады. Заманауи геофизикалық жабдық күрделі жоғары дәлділікті құрылғысы болып табылады. Жұмыс істейтін және деректерді тіркеу жүйесіне қызмет көрсетуші далалық персонал Sercel (Франция) компаниясында тәлімгерліктен өтті. Далалық партиялар жабдықты баптау, жөндеу және тестілеу үшін геофизикалық шеберханалармен, зертханалармен жабдықталған.

Барлық жабдықтар ақаулықтары туралы мәліметтердің баянатқа жазылуымен күнделікті тестілеуден өтеді.