«GEO ENERGY GROUP» ЖШС
сайтына хош келдіңіз!


«GEO ENERGY GROUP» (ГЕО ЭНЕРДЖИ ГРУПП) ЖШС компаниясы 2005 жылы құрылған. 2007 жылдан бастап көмірсутектердің, пайдалы қазбалардың геологиялық-геофизикалық зерттеулерін, барлауын жүргізуге мамандандырылған сервистік компания болып табылады.

Компания қызметінің негізгі бағыттарының бірі – сейсмикалық барлау жұмыстары. Мамандандырылған теңіз флотилиясы, заманауи геофизикалық жабдық, геофизикалық операциялардың базасы, бай тәжірибесі жер үстінде де, сондай-ақ теңізде де, желілік және көлемді зерттеулерді қоса алғанда, сейсмикалық жұмыстардың барлық түрлерін ең жоғары стандарттар бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.

Өндіріске табысты жетекшілік ету және басқару, сапа, экологиялық менеджмент, кәсіби қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында заңнамалық және басқа да міндетті талаптармен белгіленген, Тұтынушылардың талаптарына сай келетін қызметтерді көрсету үшін «GEO ENERGY GROUP» (ГЕО ЭНЕРДЖИ ГРУПП) ЖШС ИСО 9001 (2011 жылдан бастап), ИСО 14001 (2012 жылдан бастап), OHSAS 18001 (2012 жылдан бастап) халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес, менеджменттің біріктірілген жүйесі (бұдан әрі - «БМЖ»), енгізілген және жұмыс істейді.

home_hoverbox_1home_hoverbox_2

Қызмет